• Басты бет
  • Жаңалықтар

2020 жылдың 15-қыркүйегінде Қазақстанда тұрғындарды емханаларға бекіту бойынша жыл сайынғы кампания басталды.

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емхананы өзіңіз таңдай аласыз.

 

Адамды  алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (БМСК) бекіту  амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып  табылады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

 

  • аумақтық  қол жетімділік;
  • АМСК ұйымын еркін таңдау;
  • алғашқы  медициналық-санитарлық көмек бөлімінде маман таңдау (жалпы тәжірибе  дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр);
  • отбасылық қызмет;  
  • меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан АМСК  ұйымдарының теңдігі мен әділ бәсекелестігі.


18  жасқа толмаған тұлғаларды, баланың заңды өкілдері бекітуіне құқылы.  Азаматтарды АМСК ұйымдарына бекіту олардың сұранысы бойынша «Электрондық  үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бекіту кезеңінде АМСК-нің  алдыңғы ұйымынан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Емханаға  қосылуды таңдау құқығы жылына бір реттен жиі емес беріледі.